Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира мен Жанболат алғаш рет қыздарын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Отандық шоу-бизнестегі танымал жұлдызды жұптардың бірі Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова алғаш рет Дара есімді қыздарын көрсетті. Олар тұңғышы Қазбекті туған күнімен құттықтап, желіде қос перзентінің фотосын жариялаған. Бұған дейін кенжесінің түрін жауып келген ерлі-зайыптылар енді оны халыққа көрсетуге дайын болған көрінеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhazira_bairbekova/zhanbolat_erbatyrov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zhazira_bairbekova/zhanbolat_erbatyrov. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жазира Байырбекова Дараның суретімен Instagram желісінде бөліскен. Ол ұлы Қазбекті туған күнімен құттықтап, оның балалық шағы жайлы жазба жариялаған. Жұлдызды ана аталмыш жазбаға туған күн иесі мен оның қарындасы Дараның фотосын қосып қойған.

Суретте Қазбек анық көрінсе, Дара оның артқы жағында гүлге толы себетте отырғанын байқауға болады. Алайда, желі қолданушылары жұлдызды жұптың қызын бірден аңғарып, оған қатысты пікірлерін қарша жаудыра бастаған.

Олардың басым көпшілігі қуыршақ сияқты отырған сәбиге тәнті болып, өзінің жылы лебізін білдірген.

"Қандай тәтті қызыңыз" , "Үндемей, байқамай қалады деп отырған сияқты" , "Тәтті балапан, нағыз қуыршақ қой өзі" , "Дара қызыңыз өсіп қалыпты. Көз тимесін балапанға" , "Гүлдердің арасында өзі де гүл болып отыр" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Айқын мен Жұлдыз да Айя есімді қыздарын алғаш рет көрсеткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844829-zazira-men-zanbolat-algas-ret-kyzdaryn-krsetti-foto/

pixel