RU

Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қашан қайтарылуы мүмкін

Бас прокуратура басшысының орынбасары қазіргі таңда Қытай түрмесінде жазасын өтеп жүрген қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайды не күтіп тұрғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қашан қайтарылуы мүмкін
Фото: Әлеуметтік желі: UGC

Бүгін сенаторлар Қазақстан мен Бразилия арасында тұлғаларды беру туралы шартты ратификациялады.

Кейінірек парламенттің жоғарғы палатасы отырысында бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжанов есірткі контрабандасына кінәлі деп танылып, қазіргі таңда Қытайдағы түрмелердің бірінде жазасын өтеп жүрген Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне қатысты пікір білдірді.

Ол Ақжарқын Тұрлыбайды жазасын Қазақстанда өтеу үшін отанына беру туралы мәселенің әлі талқыланбағанын атап өтті.

Бұл оның ісі бойынша сот шешімінің өз күшіне енбегенімен байланысты. Себебі қорғаушы тарап шешімге шағымданған.

Оның сөзінше, қажетті сұраным тастау үшін біріншіден, сот шешімі күшіне енуі қажет. Содан кейін Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанның уәкілетті органдарына сұраным тастайды.

Тек содан соң отандық мамандар мен ҚХР-ның билігі сотталған қазақстандықты экстрадициялау шарасын әзірлеу мәселесін қолға ала алады.

Аталған жұмыс өтілі, Ахметжановтың сөзінше, тараптарда бар.

Естеріңізге сала кетейік, Қытайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ақжарқын Тұрлыбай Қазақстанға қайтарылса, рақымшылыққа ілінуі мүмкін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844836-akzarkyn-trlybaj-kazakstanga-kasan-kajtaryluy-mmkin.html