RU

Карантиннен бұлтарған қазақстандық азаматша табылып, екі аптаға оқшауланды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбыл облысының тұрғыны міндетті карантиннен бұлтаруға тырысып, ол туралы өңірдің құзырлы органдарына хабар берілді. Нәтижесінде азаматшамен әңгіме жүргізіліп, ол екі аптаға оқшауланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысы тұрғынының міндетті карантиннен бұлтарғаны жайлы ақпарат тарады.

8 наурызда бұл мәлімет өңірлік денсаулық сақтау басқармасына келіп түскен. Ведомство қызметкерлері екі сағаттың ішінде ол әйел адамды тауып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, оған карантиннің заң шеңберінде міндеттелетіні ескертілді.

Нәтижесінде Жамбыл облысының тұрғыны екі аптаға карантинге жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын қанағаттанарлық деп бағалап отыр. Дене қызуы немесе қандай да бір басқа ауру белгілері анықталмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда карантин тәртібін бұзғандарға қандай шара қолданылатынын, сондай-ақ басқа елдерде бұл үшін қандай қатаң жазалар бекітілгенін хабарлаған болатынбыз.

ДСМ тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Сәдуақасовтың айтуынша, карантин тәртібін бұзғаны үшін елімізде 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. 2020 жылы 1 АЕК – 2 651 теңге болса, айыппұл сомасы 13 255 теңгені құрайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Карантиннен бұлтарған қазақстандық азаматша табылып, екі аптаға оқшауланды
Mailfire view pixel