RU

Карантиннің салдарынан әйел адам коронавирустан көз жұмған күйеуімен бір үйде қамалып қалған

Италия тұрғыны карантиндік шектеулердің салдарынан қайтыс болған күйеуінің денесімен бір пәтерде бірнеше күн тұрған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблер-ге сілтеме жасап.

Өлген адаммен жатқан
Көрнекі фото: Getty Images: Facebook

Басылымның мәліметінше, италиялық келіншектің күйеуі 9 наурызға қараған түні коронавирустың салдарынан көз жұмған.

Боргетто-Санто-Спирито мэрі келіншектің жанайқайына қарамастан денені тек сәрсенбі күні таңда алып кете алатындарын хабарлаған.

Шенеуніктің сөзінше, карантин туралы протоколда жансыз денеге жақындауға тыйым салынғаны айтылған.

"Өкінішке қарай, бізде қауіпсіздік протоколы бар. Біз оған мойынсұнуымыз қажет", - деген Джанкарло Канепа.

Мэрдің сөзінше, ер адам ауруханаға жатудан бас тартып, үйінде емделетінін айтқан. Алайда бұның салдары өлімге әкелген.

Әйел адамның көршілері оның амалсыздан балконға шығып, көмек сұрап жатқанын хабарлапты.

Естеріңізге сала кетейік, міндетті карантиннен бұлтаруға тырысқан Жамбыл облысының тұрғыны табылып, екі аптаға оқшауланған еді.

Айта кету керек, бұған дейін Қазақстанда карантин тәртібін бұзғандарға қандай шара қолданылатынын, сондай-ақ басқа елдерде бұл үшін қандай қатаң жазалар бекітілгенін хабарлаған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844846-karantinni-saldarynan-jel-adam-koronavirustan-kz-zmgan-kjeuimen-bir-jde-kamalyp-kalgan.html