RU

"22 миллион шығын": Өскемен тұрғыны "Лексус-570" маркалы көлікті қасақана өртеп жіберген

Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында полиция қызметкерлері қымбат көлікке май шашып, өртеп жіберген азамат пен оның сыбайласын ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Instagram

Оқиға өткен айдың басында болған.

Басылым мәліметінше, белгісіз біреулер Өскемен қаласының Стрелка ауданындағы тұрақта тұрған "Лексус-570" маркалы таңдаулы көлікті қасақана өрттеп жіберген.

Салдарынан "джип" иесіне 22 миллион шығын келгені белгілі болды.

Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлері тексеру жұмыстарын тез арада бастап, сол маңдағы көше камераларынан белгісіз бір ер адамның көлікке жақын келіп, алдыңғы сол жақ дөңгелегіне сұйықтық шашып, от қойғанын көрген.

Қылмыскер оқиға орнында көп аяңдамай, ізін жасырып үлгереді. Алайда ол көп ұзамай қолға түскен.

27 жастағы күдіктінің жұмыс істемейтіні, облыс орталығының тұрғыны екені анықталған.

Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Ер адамның қылмысқа не үшін барғаны алдағы уақытта белгілі болады. Полицейлер көлік тұрған жерге оны жеткізіп тастаған сыйбаласын да тапты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844850-22-million-sygyn-skemen-trgyny-leksus-570-markaly-klikti-kasakana-rtep-zibergen.html