Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Килиан Мбаппе коронавирусқа анализ тапсырды

Опубликовано:

Қазіргі таңда әлемдегі ең дарынды жас футболшылардың бірі – Франция ұлттық құрамасы мен "Пари Сен-Жермен" клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе коронавирусқа анализ тапсырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Килиан Мбаппе. Фото: soccernews.ru
Килиан Мбаппе. Фото: soccernews.ru: Facebook

L'Equipe басылымының ақпарынша, Мбаппе ангинаға байланысты соңғы екі күн бойы командамен бірге жаттығуға қатыспаған. 10 наурызда футболшының қауіпсіздік шаралары ретінде коронавирусқа анализ тапсырғаны белгілі болды.

Айта кетейік, Килиан Мбаппе өнер көрсететін ПСЖ командасы бүгін түнде Чемпиондар лигасы 1/8 плей-офф кезеңінің қарымта кездесулері аясында германиялық "Боруссия Дортмундты" қабылдайды.

Командалар арасындағы алғашқы матчта немістер өз алаңында француздарды 2:1 есебімен жеңген еді.

Алаң иелері сапында 19 жастағы норвегиялық Эрлинг Холанн дубльдің авторы атанса, қонақтар тарапынан жалғыз голды бразилиялық Неймар соқты.

Сондай-ақ бүгін Чемпиондар лигасы 1/8 плей-офф кезеңінің қарымта кездесулері аясында англиялық "Ливерпуль" өз алаңында Испанияның "Атлетико Мадрид" командасын қабылдайды.

"Ванда Метрополитано" стадионында өткен алғашқы кездесуде жергілікті "Атлетико Мадрид" қатарынан 14 ойында жеңіліссіз келе жатқан ағылшынның азулы "Ливерпуль" командасын тоқтатқан болатын.

Кездесу 1:0 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілген. Мачтағы жалғыз голдың авторы – Сауль Ньигес.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1844853-bak-kilian-mbappe-koronaviruska-analiz-tapsyrdy/

pixel