Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

10 жасар баласы өздігінен қозғала алмайтын ана халықтан жанұшыра көмек сұрауда

Опубликовано:

10 жастағы Еркебұлан Дүйсебай есімді шымкенттік балақай туғанынан түйілмелі тетрапарез сал ауруының гиперкинетикалық формасы дертіне шалдыққан. Өздігінен қозғала алмайтын ұлының денсаулығы үшін алаңдаулы ана көпшіліктен көмек сұрайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

балаа
Еркебұлан. Фото: Қаршыға Амантаева: Facebook

Еркебұланның анасы Қаршыға Амантаеваның сөзінше, 2010 жылы туған баласына түйілмелі тетрапарез сал ауруы диагнозы қойылған. Қазіргі уақытта Еркебұлан өзгенің демеуінсіз қозғалмайды. Дертінің салдарынан қолымен де жұмыс істей алмайды.

"Балам 10 жаста. Жасына сай салмақ жинап, өсіп келеді. Менің төрт балам бар. Еркебұлан тұңғышым. Аллаға шүкір, одан бөлек тағы ұлым және екі қызым өсіп жатыр. Балалар кішкентай әрі Еркебұланның ауруынан жұмыс істей алмаймын. Еркебұланды емдету үшін бізге көмек ауадай қажет. Жәрдемақыға азық-түлік алып, пәтерақыны төлейміз", - дейді Қаршыға.

Анасының сөзінше, өткен жылы жазда Қызылордадағы емханада 4 ай бойы ем қабылдаған. Емдеу шараларынан соң Еркебұлан ходунокқа сүйеніп, өздігінен қозғала бастапты. Алайда қаржылық қиындық туындап, Еркебұлан емін жалғастыра алмаған.

"Қыс бойы гипсте болдық, ота жасалды. Енді гипсті тез арада шешу қажет. Балам алты ай бойы қатты қиналды. Баламның қиналғанын көрген соң оның қажетті ем-домды алғанын қалаймын. Дәрігерлер тез арада емдеу керектігін айтты. Егер бәрі жақсы болса, Еркебұлан аяққа тұрып кетуі мүмкін. Бізге осы емхананың емі ауадай қажет болып отыр", - деді анасы.

Қаршығаның айтуынша, Еркебұлан да тезірек өз аяғымен жүруді армандайды. Төрт айға созылатын емдеу курсының ақысы 1 миллион теңге болады екен.

"Алла көтере алатын жандарға ғана сынақ береді. Сол себепті мықты болып, ұлымның сауығуы үшін күресуім керек", - деді Қаршыға Амантаева.

Көмек қолын созғысы келген жандар үшін:

Еркебұланның анасы Қаршығаның телефон нөмірі: 87056024919

Kaspi qold карточкасындағы телефон нөмірі: 87056024919

Еске сала кетсек, 11 жастағы ұлы өздігінен қозғала алмайтын оралдық ана жомарт жандардың көмек сұраған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844858-10-zasar-balasy-zdiginen-kozgala-almajtyn-ana-kpsilikten-zansyra-kmek-srauda/

pixel