RU

"Қазақстан да бар": Таиланд 18 мемлекеттің азаматы үшін елге кіру талабын күшейтті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Таиланд билігі коронавирустың салдарынан 18 мемлекеттің азаматтары үшін елге кіру талаптарын күшейтті. Олардың арасында Қазақстан да бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ға сілтеме жасап.

"Қазақстан да бар": Таиланд 18 мемлекеттің азаматы үшін елге кіру талабын күшейтті

Көрнекі фото: spectator.org

Агенттіктің мәліметінше, бұған дейін 18 мемлекеттің азаматтары Таиландқа келген кезде ғана паспорт немесе өзге де құжатарын көрсетіп, визаны рәсімдей алатын еді.

Ондай елдердің қатарында Қазақстан, Болгария, Бутан, Қытай, Кипр, Эфиопия, Фиджи, Грузия, Үндістан, Мальта, Мексика, Науру, Папуа Жаңа Гвинея, Румыния, Ресей, Сауд Арабиясы, Өзбекстан және Вануату бар.

Енді аталмыш елдің азаматтары елге келген кезде виза рәсімдей алмайды.

Таиланд үкіметі сондай-ақ, Оңтүстік Корея, Италия және Гонконг азаматтары үшін де "визасыз жүйені" тоқтатты.

Айта кетейік, елде коронавирус пайда болғалы бері 59 адам ауруханаға түскен. Олардың 34-і сауығып шықса, біреуі қайтыс болған. Қалған 24 адам ауруханада емделіп жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда карантин тәртібін бұзғандарға қандай шара қолданылатынын, сондай-ақ басқа елдерде бұл үшін қандай қатаң жазалар бекітілгенін хабарлаған болатынбыз.

Ал Қытай үкіметі коронавирусты жұқтырғанын жасыру мен халық арасында ауруды тарату фактілерін ауыр қылмыс ретінде қарастырады.

Аталған әрекеттер үшін кінәлі деп танылған адам өлім жазасына кесіледі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Қазақстан да бар": Таиланд 18 мемлекеттің азаматы үшін елге кіру талабын күшейтті
Mailfire view pixel