RU

Польшада алаяқтар коронавирустан емдейтін "ғажайып" сүт сата бастаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Польшада "коронавирусқа қарсы емдік қасиетке ие сүт пен талисман" сататын алаяқтар пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Польша полициясының бас коменданты Мариуш Цярка бұл туралы жергілікті телеарнға берген сұқбатында мәлім етті.

"Үйлерді аралап, "ғажайып сүт," "ғажайып бойтұмар" сынды әртүрлі типтегі дәрілерді сатып алуды ұсынатын алаяқтар пайда болған", - дейді ол.

Цярка ел арасында орынсыз дүрбелең тудыратын адамдар бар екенін жасырған жоқ.

"Өкінішке орай, адам проблемаларын, әсіресе вируспен қатысты дүрбелеңді пайдаланатын қылмыскерлер бар", - деп жалғастырды ол.

Полиция өкілі бұндай фактілерді дереу полицияға хабарлауды өтінді.

"Тағы ескертем мұндай адамдарды үйлеріңізге кіргізбеңіздер, ғажайыпқа сенбіңіздер. Егер біреу бойтұмар, емдік қасиеті бар сүт, тағы басқа ұсыныс жасаған жағдай болса, бұл туралы полицияға тез арада хабар беріңіз", - деді Цярка.

Польшаның полиция өкілі үйде оқшауланған азаматтардың карантин режимін сақтауды тәртіп сақшылары қадағалайтынын еске салды.

Естеріңізге сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, Польшада коронавирус жұқтырудың 25 жағдайы ресми расталған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Таиланд 18 мемлекеттің азаматына визе беруді тоқтатқанын хабарлаған едік. Олардың ішінде Қазақстан да бар.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Польшада алаяқтар коронавирустан емдейтін "ғажайып" сүт сата бастаған
Mailfire view pixel