RU

"Жасына сай емес": Иығы ашық көйлек киіп шыққан Жеңіс Ысқақова сынға ілікті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Жеңіс Ысқақова ел алдына иығы ашық тұратын көйлек киіп шығамын деп жұртшылықтан оңбай сөз естіді. Көпшілікке өнер иесінің жаңа образы ұнамай қалған. Олар эстрада жұлдызын жасына сай киінбегені үшін сөгіп тастады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр/Instagram/zhenisiskakova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр/Instagram/zhenisiskakova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Иығын жалаңаштап тұратын көйлекпен жүрген Жеңіс Ысқақованың видеосы Instagram желісіне тарап кетті. Аталмыш бейнежазба бірден халықтың қызу талқысына қалды.

Онда киіну бөлмесіне кіріп келген әнші өнердегі әріптесі Шахизадамен құшақтасып жатқан. Оған қоса, Ысқақова отандық танымал актриса Айгүл Иманбаевамен сөз таластырып тұрғанын байқауға болады.

Желі қолданушылары өнер иесінің бұл образын аса ерсі санап, оның өз жасына сай киінбегенін бетіне басуға кіріскен.

"Жеңіс ханым қалжыныңыз жарасса да, көйлегіңіз тым ерсі екен", "Осы жасқа келіп, иығын ашып жүрген қалай ерсі көрінеді" , "Атан түйе ойнаса жұт болады" , "Қартайған шағында бұл кісі де құтырды. Ақыры болды, шеше салмадыңыз ба" , "Жеңіс мектеп бітіруші қыздар киіетін көйлек. Сізге мүлдем жарасып тұрған жоқ. Тіпті жиіркенішті екен" , "Жасыңызға сай киінсеңізші, масқара болмай" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Мейрамбек Бесбаев ашық-шашық киінетін әнші қыздарға шүйліккен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жасына сай емес": Иығы ашық көйлек киіп шыққан Жеңіс Ысқақова сынға ілікті
Mailfire view pixel