Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көптің бірі": Бибігүл Төлегенова Қайрат Нұртасты сынға алды (видео)

Опубликовано:

Отандық эстраданың дүлділі Бибігүл Төлегенова қазіргі заманның хитмені Қайрат Нұртасты сынап тастады. Өнер иесі тойда өнер көрсететін жұлдыздарды мүлдем әншілер санатына жатқызбайтынын ашып айтты. Оған қоса, ол Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергеннің арасы жер мен көктей екенін жеткізіп, өзінің бұл пікірін түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Paparazzi" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash/kair_n/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash/kair_n/видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Twitter

Бибігүл Төлегенова бүгінгі шоу-бизнесте кімді шынымен әнші ретінде мойындайтынын айтып, тізіміндегі өнер иелерін атады.

"Тойда ән айтатындар, олар - орындаушылар. Әнші емес олар. Олар арасында бір клип түсіріп қойып, той-томалақтарда жүреді. Олар кемінде бес, алты, жеті, кейде тіпті он мыңға дейін алады. Теңге емес, доллар. Соның өзінен үкіметке бір тиын салық төлемейді. Сондықтан бай болып келеді. Мен әнші деп Роза Рымбаеваны, Мақпал Жүнісованы, Мадина Сәдуақасованы, Әлішер Кәрімовты мойындаймын" , - деді ол.

Сонымен қатар, эстрада дүлділі тағы бір мәрте Димаш пен Қайратты салыстырды. Аңыз әншінің бұл екі жұлдызға қатысты пікірі өзгеріссіз қалған.

"Менен Қайрат пен Димашқа қатысты сұрақтар жиі қояды. Оларға қатысты халықтың пікірі екі түрлі деп жатады. "Біреу - Нұртас жақсы, бірі - Димаш жақсы" деп айтады. Ал мен айтамын, айналайын, Димаш пен Қайраттың арасы жер мен көктей. "Сонда көк кім?" дегенге, әрине Димаш - көк деп жауап беремін. "Ал жер сенің Нұртасың" деймін. Нұртас - көптің бірі. Ондай мың әнші бар" , - деді Төлегенова.
Айта кетейік, бұған дейін Димашты украиналық жанкүйерлері Киевте ерекше құрметпен күтіп алғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844874-kpti-biri-bibigl-tlegenova-kajrat-nrtasty-synga-aldy-video/

pixel