RU

Жезөкшелер шеруі (фото)

Шерудің аталымына қарап адамның көбісі жезөкшелер өздерінің құқықтары үшін күресіп жатыр екен деп ойлап қалады.

Бірақ шын мәнінде қыздар мен әйелдер әлемде зорланып жүрген нәзік жандылардың кінәсіздігі туралы айту мақсатында шеру өткізіп жатыр, деп хабарлайды канадалық CBC жаңалықтар порталы

Бұл саяси қозғалысқа айналған шеруге американдық Майкл Сангинетти атты полицейдің абайсыз айтылған сөздері себеп болды. Ол бір университетте денсаулық пен қауіпсіқдік туралы дәріс оқу барысында "Жезөкшелер сияқты киінбеңдер, сонда сіздерді ешкім зорламайды" - деп айтқан.

Полицейдің мұндай пікірі Америка, Канада және Европа әйелдерінің ашуына тиді: "Сіз бізге ашық киінбеңгдер деудің орнына еркектерге неге зорламаңдар демейсіз?", "қоғам "зорламаңдар" дегеннің орнына неге "зорланудан қорғаныңдар" дейді?", "Менің әдемі болғаным қаскүнемді адалдамайды", "Мен ұзын көйлек кигем, бірақ мені де зорлап кетті, бұл да менің күнәм ба?" - осындай ашулы жазулары бар транспаранттар шеру кезінде көп көрінді.

Шеру ұйымдастырушылараның айтуынша бұл қозғалыстың мақсаты – қоғамның зорлықта тек құрбанның өзі ғана күнә, жәбірленуші айыпсыз деген теріс көзқарасына назар аудару.

Кейін, полицей айтқан сөзі үшін кешірім сұрады. Бірақ "жезөкшелер шеруі" бүкіләлемдік қозғалысқа айналған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/184488-zhezoksheler-sherui-foto.html