RU

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құраммен баратын болды

Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінің соңғы жарыс күнінде қазақстандық Сәкен Бибосынов сегізінші жолдаманы қоржынға салды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің сайтына сілтеме жасап.

Фото: Olympic.kz/Данияр Майлыбаев
Фото: Olympic.kz/Данияр Майлыбаев: Instagram

Еске сала кетсек, 52 келіде ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов ширек финалда жеңіліс тапқан болатын.

Іріктеу турнирінің ережесіне сәйкес, бұл салмақта тағы бір жолдама сарапқа салынды.

Қазақстандық боксшы өзі сияқты ширек финалда жарыс жолынан шығып қалған Филиппин спортшысы Карло Пааламмен құрлықтық турнирдегі соңғы жолдамаға таласқан. 

Тартысты өткен жекпе-жекте Сәкен Бибосынов қарсыласынан үш раунд бойы басым түсіп, жеңіске жетті.

Осылайша, Ғалымбек Кенжебаев жаттықтыратын бокстан Қазақстан командасы Токио Олимпиадасының мүмкін болғанын сегіз жолдамасын да иеленді. 

Еске сала кетсек, осыған дейін қазақ боксшылары Токидағы Олимпиада ойындарына жеті жолдама жеңіп алғанын хабарлаған болатынбыз.

Олардың қатарында Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Бекзат Нұрдәулетов (81 келі), Василий Левиттің (91 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (91-ден жоғары), Серік Теміржанов (57 келі), Зәкір Сафиуллин (63 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі) бар. Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844882-bokstan-kazakstan-erler-kramasy-olimpiadaga-tolyk-krammen-baratyn-boldy.html