RU

Министрлік елде жаппай спорттық іс-шаралар өткізілмейтіні жайлы ақпаратты жоққа шығарды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанда коронавирус қаупіне байланысты бірінші жартыжылдыққа жоспарланған барлық жаппай спорттық іс-шаралар өткізілмейді деген ақпаратқа пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

спортт

Көрнекі фото: pixabay.com

Жаппай спорттық іс-шаралар өткізілмейтіні туралы ақпаратты Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеті таратқан болатын.

Ведомствоның баспасөз хатшысы Раухан Тұғұмбаева барлық іс-шараларды комитет алып тастамағанын айтты. Олар тек Мәдениет және спорт министрлігіне бірінші жартыжылдыққа жоспарланғанның бәрін өткізбеу туралы ұсыныс білдірген. Тұғұмбаева республикалық спорттық федерациялардың комитет пікіріне құлақ асқанын жеткізді.

Алайда кейінірек Мәдениет және спорт министрлігі аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.

"Коронавирустың таралу деңгейі жоғары елдерге спортшыларды жіберуді тоқтату туралы ұсыныстар берілген. Мұндай шешімдер ҚР үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссияның негізінде қабылданады.
Сонымен бірге бүгін Мәдениет және спорт министрлігі ҚР аумағында бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуді тоқтату туралы шешім қабылдаған жоқ", - деді ведомство.

Еске сала кетсек, Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық мессенджрлерде тарап кеткен "11-22 наурыз аралығында демалыс болады" деген қауесетке пікір білдірді.

Ведомствоның ресми өкілінің айтуынша, ақпарат шындыққа жанаспайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Министрлік елде жаппай спорттық іс-шаралар өткізілмейтіні жайлы ақпаратты жоққа шығарды
Mailfire view pixel