RU

"Қазгидромет" РМК-ны тұңғыш рет әйел адам басқаратын болды

"Қазгидрометтің" 98 жылдық тарихында алғаш рет әйел адам кәсіпорынды басқарды. Бас директор қызметіне Динара Әлімбаева тағайындалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Фото: "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі: UGC

РМК жаңа басшысының тағайындалғаны туралы ақпарат "Қазгидрометтің" әлеуметтік желідегі ресми парақшаларында жарияланды.

Әлімбаеваның тағайындау туралы бұйрыққа Экология министрлігінің басшысы қол қойған.

Ведомствоның мәліметінше, 1922 жылы құрылған еліміздің Гидрометеорологиялық қызметінің тарихында алғаш рет әйел адам басшы болып тағайындалып отыр.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның құрамына кіретін 192 елдің ішінде осындай мекемені басқаратын екі әйел адам бар, оның бірі - Динара Қизатқызы.

Жаңа басшысы 42 жаста. Оның метеорология және қаржы мамандықтары бойынша екі жоғары білімі, сондай-ақ "қолданбалы экология" бағыты бойынша магистр дәрежесі бар.

Әлімбаев "Қазгидрометте" 18 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол еңбек жолын техник-метеоролог болып бастаған.

Жаңа лауазымына дейін "Қазгидромет" РМК Бас директорының орынбасары қызметін атқарып келген.

Еске сала кетсек, осыған дейін еліміздің бұрынғы бас имамы жаңа қызметке тағайындалғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздіңTelegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844891-kazgidromet-rmk-ny-tgys-ret-jel-adam-baskaratyn-boldy.html