RU

Ақтөбеде баланы ұру фактісінен кейін шипажайдың бірнеше қызметкері жұмысынан кеткен

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі "Шағала" шипажайда 10 жастағы жетім баланы ұрған тәрбиешіге қатысты дәрігерлер мен ұстаздардың тексерісі аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақтөбеде жетім баланы ұрған шипажайдың бірнеше қызметкері жұмыстан қуылды

Әлеуметтік желі арқылы тараған видеодан кадр

Жетім балаға жұдырығын ала жүгірген қызметкер жұмыстан шығарылып, жасөспірім балалар үйіне қайтарылған.

Баланы қамқорлыққа алған анасы оны ауылға алып бара жатқанын айтты. Ешкімнің үстінен шағым жазбаған.

"Қазір бала қасымда, Қобдаға алып бара жатырмын. Баланың жағдайы, көңіл-күйі жақсы. Менің тарапымнан шағым жоқ. Тәрбиеші бізден, баладан кешірім сұрап келді. "Тыңдамағасын енді өзінің шалбары қолыма түсті. Киімін шашқасын, сонымен ұрғаным рас" деп мойындап тұр. Кішкентай бала ғой, тап ондай басбұзарлығы жоқ. Өзіміздің айтқанымызды тыңдайды", - дейді Қобда отбасылық үлгідегі балалар үйінің басшысы Гүлнәр Есен.

Жасөспірім Қобда отбасылық үлгідегі балалар үйіне 2019 жылдың 1 қыркүйегінен бастап барған. Оған дейін қаладағы "Аяла" балалар үйінде тәрбиеленген екен. 

"Балаға күш қолдану дерегі расталды. Бас дәрігерге қатаң сөгіс берілді. Бас дәрігердің орынбасары жұмыстан босатылды. Куәгер болып, болған жайды баяндамағаны үшін медбикеге қатаң сөгіс берілді", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Светлана Есенаманова.

Сонымен қатар, орталықтағы балаларға білім беріп жүрген екі тәрбиеші де қызметтерінен босатылған. Тексеріс кезінде психолог жұмысынан да өрескел кемшіліктер анықталған. Осы себепке байланысты шипажай психологы өз еркімен арыз жазып, қызметінен кеткен.

Естеріңізге салсақ, 1 наурыз күні тәрбиешінің 10 жасар баланы киімімен басынан бірнеше рет ұрып жатқан бейнежазба әлеуметтік желіде тарап кеткен еді.

Полиция "Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде баланы ұру фактісінен кейін шипажайдың бірнеше қызметкері жұмысынан кеткен
Mailfire view pixel