RU

Тоқаев Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына қатысты мәселені тағы да көтерген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бүгін қазақстандық БАҚ беттерінде тараған Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына қатысты ақпаратқа президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли пікір білдіріп, аталмыш істің президент бақылауында екенін жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

т9рлыбай

Фото: Әлеуметтік желі

Берік Уәлидің айтуынша, таяуда қытайлық өкіл жұмыс сапарымен Қазақстанға келген, кездесу барасында мемлекет басшысы Қытай түрмесінде жазасын өтеп жатқан отандасымызға қатысты мәселені тағы да көтерген.

"Қасым-Жомарт Тоқаев жақында елімізге сапармен келген Қытай коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси Бюросының мүшесі Ян Цзечимен әңгімелесу барысында Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына қатысты мәселені тағы да көтергенін айта кеткен жөн.
Қазақстан президенті былтырғы қыркүйек айында Бейжіңге жасаған сапарында ҚХР басшылығын Ақжарқын Тұрлыбайдың ісіне гуманизммен қарап, оны Қазақстанға қайтару мәселесіне ықпал етуге шақырды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы Сыртқы істер министрлігі мен құқық қорғау органдарына қытайлық әріптестерімен өзара іс-қимылдарды жалғастыруды тапсырды. Бұл іс мемлекет басшысының тұрақты бақылауында", - деді президенттің баспасөз хатшысы.

Еске сала кетсек, бүгін Бас прокуратура басшысының орынбасары Ақжарқын Тұрлыбайды елге қайтару мәселесіне қатысты пікір білдірген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Тоқаев Ақжарқын Тұрлыбайдың тағдырына қатысты мәселені тағы да көтерген
Mailfire view pixel