RU

Грузияда министрдің орынбасары коронавирус жұқтырды

Грузияның Қоршаған ортаны қорғау және ауыл шаруашылық министрінің орынбасары Юрий Нозадзенің коронавирус жұқтырғаны расталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Грузия Sputnik-ке сілтеме жасап.

Көрнекі фото: РИА Новости/Виталий Тимкив
Көрнекі фото: РИА Новости/Виталий Тимкив: Depositphotos

5 наурыз Нозадзелер отбасында COVID-19 вирусы анықталған соң, шенеунік өзін-өзі оқшаулаған.

6 наурызда жасалған алғашқы тест теріс нәтиже көрсеткен, яғни вирус анықталмаған.

Министр орынбасарының коронавирусқа шалдыққаны 10 наурыз күні белгілі болды. Вирусты анықтауға арналған екінші тест оң нәтиже көрсетіп, COVID-19 вирусы расталған.

Ведомствоның дерегі бойынша, шенеунік дәрігерлердің бақылауында, ем алуын жалғастырып жатыр. Эпидемиологтардың айтуынша, араға уақыт салып, кездесіп тұрғандықтан, онымен байланыста болған қызметкерлердің денсаулығына алаңдауға негіз жоқ.

Бұған дейін Грузияның Экономика және тұрақты даму министрінің орынбасары Геннадий Арвеладзе және Парламенттегі аграрлық сұрақтар бойынша комитет төрағасы Отар Данелия өзін-өзі оқшаулағаны жайлы хабарлаған болатын.

Сонымен қатар Грузияның Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты ауруларды бақылау ұлттық орталығының басшысы Амиран Гамкрелидзенің ұлы Николоз Гамкрелидзе коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, 11 наурызға дейін дерек бойынша Грузияда 23 адамнан коронавирус анықталған. Науқастарды бақылау бойынша ұлттық орталықтың басшысы Амиран Гамкрелидзе індетке шалдыққандардың саны әліде де артатынын жоққа шығармайды.

Сондай-ақ, 11 наурызда елде коронавирус алғаш рет жасөспірімнен анықталғаны белгілі болды.

Грузиядағы коронавирус жұқтырған оқиғаның көбісі Италиямен байланысты. Билік төтенше шараларды қолға алған: Елде көпшілік жиналатын ойын-сауыққа шектеу қойылды, кеңселердің бір бөлігі қашықтықтан жұмыс істеу тәртібіне көшті, мектептер мен балабақшалар жабылған, Қытай, Иран және Италиямен әуеқатынасы тоқтатылған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844899-gruziada-ministrdi-orynbasary-koronavirus-zktyrdy.html