RU

Қазақстандықтар үшін Таиландқа кіру талабы күшейтілгені рас па: СІМ пікір білдірді

Бүгін, 11 наурызда ресейлік басылым әлемде COVID-19 инфекциясының таралуына байланысты Таиландтың бірқатар елдер үшін визалық шектеулер енгізгенін мәлім етті. Бұл тізімге Қазақстан да кірген. Еліміздің сыртқы істер министрлігі аталған ақпаратқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Таиланд билігі коронавирустың салдарынан 18 мемлекеттің, соның ішінде Қазақстан азаматтары үшін елге кіру талаптарын күшейтті деп жазды РИА Новости басылымы.

Алайда, Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Таиланд тарапынан мұндай мәлімет алмағанын мәлімдеді. Ведомство өкілі Айбек Смадияров бұл ақпаратқа пікір білдіре отырып, корольдік елшілігінің ресми түрде Қазақстанды жаңа шаралар туралы ескертпегенін атап өтті.

Осыған орай Қазақстан елшілігі Таиланд сыртқы істер министрлігімен хабарласқан. Олар бұл мәселенің әлі шешілмегенін, оның жауапты мемлекеттік органдардың қарауында жатқанын жеткізді. Смадияровтың айтуынша, бұндай шаралар қабылданатын болса, қазақстан дипломаттарына алдын ала хабар беріледі.

Еске сала кетейік, бұған дейін мәдениет және спорт министрлігі Қазақстанда коронавирус қаупіне байланысты бірінші жартыжылдыққа жоспарланған барлық жаппай спорттық іс-шаралар өткізілмейді деген ақпаратқа пікір білдірген еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844921-kazakstandyktar-sin-tailandka-kiru-talaby-ksejtilgeni-ras-pa-sim-pikir-bildirdi.html