Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"ESTATE Ломбард" құрылтайшысы Қырғызстанда ұсталды

Опубликовано:

Қырғызстанда "ESTATE Ломбард" ЖШС директоры Әсет Ысқақов қолға түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Көршілес мемлекеттің құқық қорғаушыларымен ынтымақтастықтың арқасында ол қамауға алынды.

Әсет Ысқақов. Фото: Polisia.kz
Әсет Ысқақов. Фото: Polisia.kz: UGC

Қазақстан ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Ысқақовтың қозғалыс бағдарын егжей-тегжейлі қадағалады деп жазды Polisia.kz. Оның ақпан айында Қазақстан аумағынан шығып, кейін Бішкекке тоқтағаны анықталды.

Екі елдің құқық қорғау органдары осы уақыт ішінде бір-бірімен байланыста болды. Нәтижесінде күдікті Бішкекте қолға түсіп, сол жердегі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазақстанның тәртіп сақшылары қырғызстандық органдарға оны елге экстрадициялау туралы өтініш жіберді.

Осылайша, қазіргі уақытта ломбардтардың барлық үш директоры ұсталып, қамауға алынды. Аталған іс бойынша жалпы 17 күдіктінің ұсталғаны белгілі.

"Гарант 24 Ломбард", "ЕSTATE Ломбард" және "Выгодный займ" қаржы пирамидаларының басшыларына қатысты тергеу жүргізілуде. Олар алдау арқылы 42 мың қазақстандыққа тиесілі мүлік пен қаражатты иемденген деп күдіктелуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Гарант 24" ломбардының иесі Аслан Мырзабеков Кишиневте ұсталған болатын.

Ал "Выгодный займ" құрылтайшысы Ақтөбеде қолға түсті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқық қорғау құрылымдары мен қаржы нарығын қадағалайтын және мониторингтейтін мемлекеттік органдар басшыларымен кеңес өткізіп, заңсыз ломбардтар ісі бойынша кінәлілерді жауапқа тартуды тапсырған болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844924-estate-lombard-kryltajsysy-kyrgyzstanda-staldy/

pixel