Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрдәулетов пен Левит бокстан лицензиялық турнирде ел қоржынына екі алтын салды

Опубликовано:

Бокстан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирінде қазақстандық Бекзат Нұрдәулетов пен Василий Левит алтыннан алқа тақты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz: Instagram

81 келіде өнер көрсеткен Бекзат Нұрдәулетов ақтық мәреде австралиялық Пауло Аукусомен қолғап түйістіріп, қарсыласын айқын басымдықпен ұтты.

91 келіде сынға түскен Василий Левит финалда Жаңа Зеландия өкілі Давид Ниикамен жұдырықтасты. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық боксшы жеңісті жұлып алды.

Бокстан еліміздің ерлер құрамасы Аммандағы іріктеу турнирінде 7 медальға ие болды. Бекзат Нұрдәуелтов (81 келі) және Василий Левит (91 келі) алтыннан алқа тақса, Зәкір Сафиуллин (63 келі) мен Әбілхан Аманқұл (75 келі) күмісті қанағат тұтты. 

Ал Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) қола медаль иегері атанды. 

Лицензиялық жарыста тек бір спортымыз ғана жүлдесіз қалды.

52 келіде ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов ширек финалда жеңіліс тапқан болатын.

Іріктеу турнирінің ережесіне сәйкес, бұл салмақта тағы бір жолдама сарапқа салынды.

Қазақстандық боксшы өзі сияқты ширек финалда жарыс жолынан шығып қалған Филиппин спортшысы Карло Пааламмен құрлықтық турнирдегі соңғы жолдамаға таласқан. 

Тартысты өткен жекпе-жекте Сәкен Бибосынов қарсыласынан үш раунд бойы басым түсіп, жеңіске жетті.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz: Instagram

Еске сала кетсек, осыған дейін бокстан Қазақстан ерлер құрамасы Олимпиадаға толық құраммен баратынын жазған болатынбыз. Сегізінші жолдаманы қоржынға Сәкен Бибосынов салды.

Фото: olympic.kz
Фото: olympic.kz: Instagram

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844928-nrduletov-pen-levit-bokstan-licenzialyk-turnirde-el-korzynyna-eki-altyn-saldy/

pixel