RU

Әйгілі Том Хэнкс пен оның әйелінен коронавирус анықталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Голливуд актері Том Хэнкс пен оның жұбайы Рита Австралияда жүргенде коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Тексеріс нәтижесінде сынама оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы Хэнкс өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: AMPAS/Keystone Press Agency/Global Look Press

Фото: AMPAS/Keystone Press Agency/Global Look Press

Том Хэнкс Twitter желісіндегі парақшасында соңғы күндері әйелі екеуі өздерін жайсыз сезінгендіктен, әлемде кеңінен таралып жатқан коронавирусқа анализ тапсыру туралы шешімге келгендерін жазды.

Нәтижесінде ерлі-зайыптылардың коронавирус табылған.

Жанкүйерлерінің енді не болады деген сұрағына Том Хэнкс барлық процедуралар мен ұсыныстарға сүйене отырып, COVID-19 инфекциясының белгілері жойылғанға дейін сыртқы ортадан оқшауланып, толық емделуге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Хабарламаның соңында актер жанұясы атынан жанкүйерлерін сабырға шақырып, оларға жаңалықтармен бөлісіп отыруға уәде берді.

Хэнкс барлық адамдардан абай болуды сұрап, жазбасын аяқтаған.

Еске сала кетсек, осыған дейін Криштиану Роналдумен бірге "Ювентус" сапында өнер көрсететін футболшы Даниэле Руганидің коронавирус жұқтырғаны хабарланған.

Аяқдопшы тапсырған коронавирусқа арналған тест оң нәтиже көрсеткен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әйгілі Том Хэнкс пен оның әйелінен коронавирус анықталды
Mailfire view pixel