RU

Қазақстанның халық саны туралы жаңа мәлімет шықты

Қазақстан халқы 2011 жылдың үш айында 64 мың адамға артқан, деп хабарлайды "Қазақстан Жаңалықтары" агенттігі, статистикалық мәліметтерге сүйеніп.

Мекеменің ресми сайтта ұсынған мәліметінше, Қазақстан халқының саны наурыз айының аяғында 16,497 миллион адамды құраған. Агенттіктің мәліметінше, Қазақстанда ағымдағы жылдың қаңтар айымен осы кезеңді салыстырғанда 16,433 миллион адам тұрып жатқан.

"Салыстырмалы түрде алғанда 2011 жылдың 1 қаңтарынан халықтың саны 0,3% өскен", - деп көрсетілген статистикалық агенттіктің есептік мәліметінде.

2010 жылдың қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда халықтың саны І тоқсанда 2,5% артқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/184494-kazakstannyn-halyk-sany-turaly-zhana-melimet-shykty.html