RU

Башқұртстанда тұрғындар ауылға келген алып қасқырды атып алды (фото)

Башқұртстандағы елді мекендердің бірінде тұрғындар ауылға келген алып қасқырды атып алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ГТРК "Башкортостан"-ға сілтеме жасап.

башкирия
Фото: gtrk.tv: Facebook

Благовещенск ауданындағы ауылдардың бірінде тұрғындар мекенге келген қасқырды атып алған. Оқиға күні кеше болыпты.

Жергілікті тұрғындар бойы ересек адаммен бірдей түз тағысын тіпті, суретке де түсіріп алған. Олардың сөзінше, соңғы күндері қасқырлар ауылдарға жиі шабатын болған. Сол себепті мұндағы халық үнемі сақтанып отырады.

"Бірер күн бұрын қасқырлар жақын маңда орналасқан ауылдағы үш итті тістеп тастаған. Оларды зират жанынан жиі көреді, бақшаларға да кіріп кетеді", - дейді Александровка ауылының тұрғыны.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысында ұрғашы қасқырдың бес қойды жарып, тағы екі итті жарақаттап кеткенін хабарлаған едік.

Болған жағдайдан соң жергілікті аңшылар жыртқышты іздеуге шығып, оны ауыл маңынан тапқан соң, бірден атып тастаған.

Мәртөк ауданының бұрынғы әкімі Серік Ботағариннің айтуынша, ауылдағылардың бірі Полтавка маңында екі бөлтірікті атқан. Ұрғашы қасқыр кек алу үшін қойларға шабуылдаған болуы мүмкін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1844947-baskrtstanda-trgyndar-auylga-kelgen-alyp-kaskyrdy-atyp-aldy-foto.html