Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияда өткен турнирде 83 жастағы қызылордалық қария чемпион болды

Опубликовано:

Қызылорда облысы Қазалы ауданының 83 жастағы тұрғыны Аққоян Ырсалиев Түркияда өткен халықаралық турнирде чемпион атанды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

қазалы
Аққоян Ырсалиев. Фото: azattyq.org видеосынан кадр: Facebook

Желаяқтар жарысы Анталия қаласында өткен. Халықаралық сайысқа түркиялықтармен бірге Франция, Германия және Қазақстаннан жасы сексеннен асқан спортшылар қатысқан.

Жастайынан спортқа жақын қазалылық қария мыңнан астам желаяқтың арасынан озып шығып, алтын медаль алған.

Теміржол саласының ардагері Аққоян қария оқушы күнінен-ақ бокспен шұғылданған. Әуе-десант әскері қатарында азаматтық борышын өтеген. Сондай-ақ ол 281 мәрте парашютпен секіріпті.

Бүгінде Аққоян Ырсалиев ардагерлер арасында өтетін жарыстарда жүлделі орындар иеленіп жүр. Сондай-ақ, ол күн сайын таңертең жүгіріп, жаттығу жасайды.

2011 жылдан бері Алматы марафонына қатысып келеді. 2015 жылы аталмыш жарыста алтын медаль алған. Сергектікті серік еткен қария күн сайын кемінде 10 шақырым жүгіреді. Ал жарысқа барар алдында 30 шақырымды бағындырады екен.

Еске сала кетсек, 40 жылдан бері мұзды суға түсіп жүрген 80 жастағы қарағандылық қария туралы жазған едік.

Мэлс Молдағалиевтің айтуынша, оның салауатты өмір салтын ұстанып, күнделікті суға түсіп жүргеніне 40 жылдан астам уақыт болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844950-trkiada-tken-halykaralyk-turnirde-83-zastagy-kyzylordalyk-karia-cempion-boldy/

pixel