RU

Дональд Трамп Еуропа мемлекеттері үшін елдің шекарасы жабылғанын мәлімдеді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

АҚШ президенті Дональд Трамп халқына ресми үндеу жасады. Ол Ұлыбританиядан бөлек, барлық Еуропа мемлекеттері үшін елдің шекарасы жабылғанын жариялап, адамдарды ауруға қарсы бірігуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Трамптың халыққа үндеуі: Ол Еуропадан келгендердің АҚШ-қа кіруіне тыйым салды

Дональд Трамптың халыққа үндеуі. Фото: Pool / Pool / Getty Images

Трамп өз жолдауында штаттар Ұлыбританияны қоспағанда, алдағы отыз күн бойы барлық Еуро одақ елдері үшін әуе шекараларын жабатынын айтты.

АҚШ көшбасшысының жолдауы FOX News арнасында көрсетілген. Шекаралардың жабылуы туралы баяндамадан кейін президент "вирустың Америкаға қарсы бірде бір мүмкіндігі жоқ" деді.

Трамптың айтуынша, бұл елде ғаламшардың ең мықты ғалымдары, дәрігерлері мен зерттеушілері еңбек етіп жатқандықтан, АҚШ эпидемияға әлемнің кез келген мемлекетінен жақсы дайындалған.

Осы сөздерден кейін президент саяси, әлеуметтік және басқа да түсініспеушіліктерді ысырып қойып, әлемге жайылған коронавирусқа бірге қарсы тұруға шақырды.

Ол америкалықтардың әрқашан кез келген қауіп кезінде жұмылып, жағдайдан одан да мықтырақ болып шығатынын халықтың есіне салды. Трамптың айтуынша, қазір де оылай болуы керек.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирусты ресми түрде пандемия деп мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дональд Трамп Еуропа мемлекеттері үшін елдің шекарасы жабылғанын мәлімдеді
Mailfire view pixel