Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

114 елде анықталды: Әлем халқын алаңдатқан коронавирус жайлы соңғы деректер

Опубликовано:

Коронавирус әлем елдеріне таралуын жалғастыруда. Соңғы мәлімет бойынша, вирус 114 елдің аумағынан анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

114 мемлекет жұқтырды: Қазіргі таңда коронавирус жайлы не белгілі
Көрнекі фото: David Pereiras / EyeEm Getty Images: UGC

Қытай билігі көз жұмғандардың тізімін жариялауда. Өткен тәулікте коронавирустан 11 науқас қайтыс болған. 15 адамнан ауруды жұқтырудың жаңа белгілері табылған.

Осылайша, ҚХР аумағы бойынша жаңа инфекция 80 793 адамнан анықталып, көз жұмғандар саны 3 169-ға жеткен. Ал 62 793 адам аталмыш дерттен айығып шыққан. Олар коронавирустан толықтай емделді деп жазады РИА Новости.

Gisanddata сайтында коронавирустың әлемге таралуы туралы ақпарат егжей-тегжейлі жазылған.

Порталдың мәліметінше, қазіргі таңда 8 мемлекетте ауруды жұқтырған мыңдаған адам бар.

Бұл тізімде Қытайдан бөлек, Италия, Иран мен Оңтүстік Корея бар. Бұдан бөлек, тізімге Франция, Испания, Германия мен АҚШ-та еніп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусын пандемия деп жариялағанын хабарлаған едік.

Ресми мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус 11 наурызда Женевада өткен брифинг барысында жасаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844956-114-memlekette-anyktaldy-kazirgi-tada-koronavirus-zajly-ne-belgili/

pixel