RU

"Жүктіліктен сақтайды": Баланы ана сүтімен емізудің пайдасы қандай

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Кез келген сәби жарық дүниеге келген соң анасының ақ сүтін емгені оның денсаулығы үшін маңызды. Сондай-ақ жас босанған ана үшін де емізудің пайдасы ұшан-теңіз. Дәрігерлердің айтуынша, ол жоспарсыз жүктіліктен сақтайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Замана басылымына сілтеме жасап.

ана сүтінен

Көрнекі фото: pixabay.com

Ақ халаттылардың сөзіне сүйенсек, ана сүтінің құрамында дәруменнің барлық түрі бар.

  • Ана сүті – сәби үшін теңдесі жоқ азық. Ол баланың иммунитеті қалыптасуына, ана мен баланың арасында психикалық-эмоциялық байланыстың туындауына қызмет етеді. Өйткені сүт құрамында баланың өсіп-жетілуіне, дамуына қажетті барша нәруыздар, майлар, лактоза, дәрумендер, темір, су, ферменттер болады. Емізу арқылы бала мен ана арасында сүйіспеншілікті оятатын тығыз қарым-қатынас орнайды. Ананың өзі баланы емізуден, оған күтім жасаудан эмоциялық қанағаттану сезімін алады.
  • Сүт емген баланың денсаулығы нығаяды, оның асқазан-ішек жүйесі патогендік бактериялардан қауіпсіз болады, сүт баланы түрлі жұқпалардан қорғайды, ол сондай-ақ аллергия, диабет, семіздік сияқты жайлардың даму мүмкіндігіне жол бермейді.
  • Ана сүтінің микробтарға қарсы тұратын қасиеті бар, ол бактериялармен бүлінбейді.
  • Ана сүтінің сәби миын дамытуда да ролі зор, онда миға аса қажетті, өзге нәрсе алмастыра алмайтын май қышқылдары болады.
  • Оның баланың өсіп-жетілуі үшін маңызы аса жоғары. Сондықтан баланы мүмкіндігінше 2 жасқа дейін емізу керек. (Осы орайда аталған орталық мамандары жұмыс істейтін аналарға да сүтті қалай қалыпты жағдайда сақтауға болатынына дейін түсін­діреді).
  • Баланы емізудің ана үшін де пайдасы өте көп. Ол, мысалы, босанғаннан кейін қан кету мен анемия­ның алдын-алады, сондай-ақ омырау безі ісігінің даму қаупін азайтады.
  • Баланы емізу әйелдің тән сымбаты сақталуына да пайдалы. Оның тіпті жаңа жүктілікті болдыртпайтын да қасиеті бар.
  • Жеткілікті ана сүті баланы жасанды қоспалармен азықтандырудан сақтайды, сол арқылы отбасының артық шығындануын да болдыртпайды.

Жалпы, ана сүтінің бала мен ана денсаулығына, көңіл-күйіне, оған қоса отбасы бюджетіне тигізер пайдасы туралы айтатын әңгіме көп. Ең бастысы, әрбір отбасындағылар оның маңызы туралы көбірек біліп жүргені абзал.

Еске сала кетсек, Қазақстанда жұмыс істеген аналар үшін 2020 жылы декреттік төлемнің қалай төленетінін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жүктіліктен сақтайды": Баланы ана сүтімен емізудің пайдасы қандай
Mailfire view pixel