RU

Головкин Олимпиадаға жолдама алған қазақ боксшыларын құттықтады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Генадий Головкин Амманда өткен жарыста Токио Олимпиадасының мүмкін болған сегіз жолдамасын да иеленген отандық былғары қолғап шеберлерін құттықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Бұл туралы GGG Twitter әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Бокстан Қазақстан құрамасын Олимпиада ойындарына жолдама алуымен құттықтаймын. (..) Мен әр спортшы үшін өз елінің намысын қорғауының қаншалықты маңызды екенін білемін. Біз сіздерге Токиода жанкүйер боламыз", - деді Генадий Головкин.

Айта кетейік, ел құрамасы бокстан Токио Олимпиадасына тоғыз жолдама жеңіп алды. Оның сегізі ерлер құрамасына тиесілі.

Жалпы Аммандағы іріктеу турнирінде ел құрамасы 7 медальға ие болды. Бекзат Нұрдәуелтов (81 келі) және Василий Левит (91 келі) алтыннан алқа тақса, Зәкір Сафиуллин (63 келі) мен Әбілхан Аманқұл (75 келі) күмісті жүлдегер атанды. 

Ал Серік Теміржанов (57 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) қола медальға ие болды. 

Лицензиялық жарыста тек бір спортымыз ғана жүлдесіз қалды.

52 келіде ел намысын қорғаған Сәкен Бибосынов ширек финалда жеңіліс тапқан болатын.

Іріктеу турнирінің ережесіне сәйкес, бұл салмақта тағы бір жолдама сарапқа салынды.

Қазақстандық боксшы өзі сияқты ширек финалда жарыс жолынан шығып қалған Филиппин спортшысы Карло Пааламмен құрлықтық турнирдегі соңғы жолдамаға таласқан. 

Тартысты өткен жекпе-жекте Сәкен Бибосынов қарсыласынан үш раунд бойы басым түсіп, жеңіске жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Головкин Олимпиадаға жолдама алған қазақ боксшыларын құттықтады
Mailfire view pixel