RU

Алматыда доллар 402 теңгеден сатылып жатыр

Рассказать Вконтакте

Алматыдағы ақша айырбастау нүктелерінде бір доллар 402 теңгеден сатылып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

куррс

Көрнекі фото: NUR.KZ

Мұндай ақпарат kurs.kz сайтында пайда болды.

Сайттағы мәліметке сүйенсек, Еуро - 465 теңге, Ресей рублі - 5,65 теңгеден сатылуда.

куррс

Кurs.kz сайтынан скриншот

Ал еліміздің астанасы Нұр-Сұлтан қаласында доллар 399 теңгеге жеткен. Сондай-ақ Еуро - 452, рубль - 5,7 теңгеден сатылып жатыр.

Алматыда доллар 402 теңгеден сатылып жатыр

Кurs.kz сайтынан скриншот

Еске сала кетсек, тоғызыншы наурызда мұнайдың әлемдік бағалары құлдырағаннан кейін Қазақстанның айырбастау нүктелерінде доллар бағамы 399 теңгеге дейін көтерілді.

Осыдан кейін Қазақстанның Ұлттық Банкі дүниежүзілік нарықтық жағдай аясында баға тұрақтылығын қолдау мақсатында базалық мөлшерлеменің өзгергенін хабарлады.

Бұған дейін Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов журналистермен тілдесу кезінде ақшаны теңгемен сақтау керек пе әлде долларға айырбастаған жөн бе деген сауалға жауап берген болатын.

Сондай-ақ министр валюта бағамының күрт өсуіне байланысты елімізде азық-түлік пен электорника бағасының қалай өзгеретінін айтып берді.

Сонымен қатар, Нұрфин журналистері нарықтағы тұрақсыздық кезінде ақшаны қалай сақтаған жөн екенін анықтау үшін қаржы сарпшысы Александр Жулевпен сұхбаттасты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда доллар 402 теңгеден сатылып жатыр
Mailfire view pixel