Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енем көбіне жұмыста": Айсәуле Бақытбек келіндік қызметін қалай атқаруда

Опубликовано:

Отандық танымал продюсер Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек отбасылық өмірі қалай өтіп жатқанын айтып берді. Бүгінде ата-енесімен бір шаңырақ астында тұратын ару келіндік қызметін қалай атқарып жүргенін баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: Instagram/issaulebakytbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/issaulebakytbek. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айсәуле Бақытбек енесімен бір үйде тұрған қандакй екені мен ол кісімен қарым-қатынасы жайлы бар шындықты айтты.

"Менің анам, барлық жағдайда көмектеседі. Әсіресе біз бірге ас әзірлегенді ұнатамыз. Талғамымыз да бірдей. Тек ол кісі көбіне жұмыста жүреді, үйде бола бермейді" , - деді желі жұлдызы.

Белгілі продюсердің қызы бүгінде отбасылық өмірі мен кәсіпкерлікті теңдей ұстауға барынша тырысып жүр. Айсәуле қазіргі таңда бірнеше сұлулық салонын ашып алған. Оның әр бастамасын ата-енесі толығымен қолдайды екен.

"Менің ойымша 21 ғасырда отбасылы әйелдер де, декреттегі аналар да барлығына үлгеріп жатады. Себебі, бірнеше бизнестің басын ұстау бүгінде трендке айналып кеткен. Жұмыстың көптігі мен қиындығына қарамастан нәзік жандылар мінсіз көрінеді. Менің де ұстанымым сондай. Ал ата-енеме келетін болсақ. Олар мені бар жағынан қолдайды. Егер сен махаббатпен жаңа отбасына барсаң, сүйген адамыңа тұрмысқа шықсаң, барлығы мүмкін. Мені күйеуім де, ата-енем де қолдайды, барынша көмектеседі" , - деді Айсәуле.

Айта кетейік, бұған дейін Айсәуле Бақытбектің енесі келіні жайлы айтып берген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1844993-enem-kbine-zmysta-ajsule-bakytbek-kelindik-kyzmetin-kalaj-atkaruda/

pixel