Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

30 жастағы жігіттей көрінетін 56 жастағы ер адам сымбатымен елді тәнті етті

Опубликовано:

Англияның Ковентри қаласының тұрғыны Энди Уилкинсон сымбатты денесімен әлем жұртышылығын таңдай қақтыруда. Көпшілік 56 жастағы ер адамды жас жігітпен жиі шатастырады деп жазады KAZ.NUR.KZ dailymail-ге сілтеме жасап.

30 жастағы жігітке ұқсаған 56 жастағы ер адам жұртты таңғалдыруда
Фото: instagram.com/andyw_fitness: UGC

Энди бес жыл бұрын кәсіпкерлікті қойып, түбегейлі өзін спортқа арнауды жөн көрді. Ер адам бұл шешімінен кейін көп ұзамай жергілікті сопртзалға фитнес-жаттықтырушы болып жұмысқа тұрады.

Эндиді үш қызы мен жеті немересі барына қарамастан бейтаныс адамдар 30 жастағы жігіт деп ойлап қалады екен.

Тіпті, ер адамды қызымен жасты деп ойлайтындар да бар көрінеді.

"Әдетте адамдар менің жеті немеренің атасы екеніме сенбейді. Көптеген жас қыздар менімен Instagram желісінде танысқысы келеді", — дейді ол.

Энди өзінің жас көрінуіне тек спорттық жаттығулар ғана емес, гені де әсер еткенін айтады. Ол сонымен қатар, дұрыс тамақтану мен толыққанды ұйқыға да көп мән беретінін айта кетті.

Ер адам зиянды тамақтар мен тамаққа қосатын түрлі қоспалардан бас тартқан.

Энди ашуланбауға тырысатынын да атап өтті. Оның айтуынша, сабырлық сақтай білу өмір жасын ұзартады.

"Мен бүгінгі күнмен өмір сүріп жағымсыз нәрселер туралы ойланбауға тырысамын", - деген ол көптеген адамдарға үлгі болғысы келетінін жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін дұрыс тамақтануға қарсы болған танымал блогердің 95 келіге арықтап кеткенін жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1844997-30-zastagy-zigittej-krinetin-56-zastagy-er-adam-symbatymen-eldi-tnti-etti/

pixel