RU

Елімізде Наурыз мерекесіне қатысты ірі іс-шаралар өткізілмейді

Қазақстанда үкімет шешімімен алдағы Наурыз мерекесіне байланысты барлық ірі іс-шаралар тоқтатылады. Бұған коронавирус қаупі себеп деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

наурыз
Ералы Тоғжанов. Фото: ОКҚ видеосынан кадр: Facebook

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ өтіп жатқан брифингте Қазақстан билігінің алдағы Наурыз мерекесіне байланысты өтетін жаппай іс-шараларды тоқтататынын хабарлады.

Шенеунік мұндай қадамның неліктен жасалғанын түсіндіріп берді.

"Наурызды тойлау - бұл дәстүр. Бұл үлкен мереке. Бірақ адамдардың қауіпсіздігі маңыздырақ. Біз адамдарға тойламаңдар деп айта алмаймыз", - деді Тоғжанов.

Вице-министрдің айтуынша, үкімет адам көп жиналатын жерлердегі Наурыз мерекесін тойлауға тыйым салған. Дегенмен ол адамдардың бір-біріне қонаққа баруына тыйым сала алмайтынын жеткізді.

Тоғжановтың сөзінше, тұрғындар тек өздерін ғана емес, қоғам мен отбасын да ойлауы керек.

"Туыстардың бір-бірін құттықтағанында тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Бірақ 500, 1000 адам жиналатын жаппай іс-шаралардың өткізілуіне тыйым салынады", - деді вице-премьер-министр.

Еске сала кетсек, елімізде 13 наурыздан бастап барлық қоғамдық іс-шаралар тоқтатылады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845023-elimizde-nauryz-merekesine-katysty-iri-is-saralar-tkizilmejdi.html