Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қатаң санитарлық режим енгізіледі": Тоқаев мемлекеттік орган басшыларына тапсырма берді

Опубликовано:

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекеттік орган басшыларымен кеңес өткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Facebook

Кеңес барысында денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов президентке Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусты пандемия деп жариялағаннан кейінгі әлемдегі ахуал жайында баяндады.

Сондай-ақ, министр ДДСҰ-ның індетке қарсы күреске қатысты ұсыныстары, сондай-ақ, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.

Мемлекет басшысы үкіметке және басқа мемлекеттік органдарға вирустың елімізге енуіне және таралуына жол бермеу шараларын қатаңдату жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Атап айтқанда, жаппай мәдени және спорттық шаралар, конференциялар мен көрмелер өткізуге уақытша тыйым салынады. Халық көп шоғырланатын жерлерде, сауда орталықтары мен базарларда, қоғамдық тамақтану орындарында, вокзалдар мен әуежайларда қатаң санитарлық режим енгізіледі.
Мектептердегі көктемгі демалыс 2020 жылдың 16 наурызынан басталады. Жоғары оқу орындары қашықтан оқыту әдісіне көшіріледі. Халықаралық әуе тасымалына қатысты да қосымша шектеу шаралары қабылданады.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықты азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтамасыз ету мәселесін ерекше атап өтті. Президент шектеу шараларынан шағын және орта бизнестің зардап шекпеуі тиіс екенін айтты.

Бұған дейін мектеп оқушыларының 16 наурыздан бастап мерзімінен бұрын демалысқа шығатынын хабарлағанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1845026-kata-sanitarlyk-rezim-engiziledi-tokaev-memlekettik-organ-bassylaryna-tapsyrma-berdi/

pixel