RU

Елдегі кинотеатрлар уақытша жабылады

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирусқа байланысты Қазақстанда сауда-ойын-сауық орталықтарының қандай режимде жұмыс істейтінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

трцццц
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ералы Тоғжанов тұрғындар азық-түлікпен қамтамасыз етілуі тиіс болғандықтан, елімізде базарлар мен сауда орталықтары жұмыстарын жалғастыра беретінін айтты.

Дегенмен ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрлар жабылады. Өйткені кинозалдардағы фильмдердің бәрі бір сағаттан астам уақыт көрсетіледі.

Шенеуніктің айтуынша, көптеген адамның жабық ғимарат ішінде бірнеше сағат отыруы үлкен мәселе туындатады.

Осыған байланысты кинотеатрлар жұмысын тоқтату туралы шешім қабылданған.

Еске сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысының барлық қоғамдық іс-шараларды тоқтату туралы шешім қабылдағаны белгілі болды.

Сондай-ақ, елімізде Наурыз мерекесіне қатысты ірі іс-шаралардың өткізілмейтіні хабарланды.

Одан бөлек, қазақстандық оқушылар мерзімінен бұрын, яғни 16 наурыздан бастап демалысқа шығады. Ал колледж бен ЖОО студенттері қашықтықтан оқиды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845034-elimizdi-sauda-ojyn-sauyk-ortalyktaryndagy-kinoteatrlar-uakytsa-zabylady.html