RU

Коронавирусқа байланысты той-томалаққа тыйым салына ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов қазақстандықтардан той, туған күн өткізбеуді сұрады. Ол "денсаулықтың барлық мерекелер мен оқиғалардан маңызды" екенін атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: dreamfields.ru

Көрнекі сурет: dreamfields.ru

"Барлық қазақстандықтарға үндеу жасағым келеді. Той, туған күн, мереке – өте маңызды оқиғалар, бірақ денсаулық маңыздырақ. Мұндай іс-шараларды өткізуге бел байлағандар жақсылап ойлануы тиіс. Бізде әсіресе, көп адам шақырып тойлағанды жақсы көреді.
Менің ойымша, қонақтар санын барынша қысқарту керек. Бірақ біз бұндай шараларды кейінге қалдыруға кеңес береміз", – деді Тоғжанов.

Еске сала кетейік, кеше, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусын әлем бойынша пандемия деп жариялады.

Осыған орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады. Ол үкіметтің арнайы алдын алу шараларын қолға алғанын хабарлады.

Сондай-ақ бүгін президент үкіметке және басқа мемлекеттік органдарға вирустың елімізге енуіне және таралуына жол бермеу шараларын қатаңдату жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Сонымен қатар мектеп оқушыларының 16 наурыздан бастап мерзімінен бұрын демалысқа шығатыны, ал колледж бен ЖОО студенттері қашықтықтан оқитыны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирусқа байланысты той-томалаққа тыйым салына ма
Mailfire view pixel