RU

Қарттар үйі карантинге жабылады: Вице-премьер көптің сұрағына жауап берді

Вице-премьер Ералы Тоғжанов коронавирустың Қазақстанға келуінің алдын алуға байланысты қандай жұмыстар жүзгізілетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Тоғжановтың айтуынша, дүниежүзінде COVID-19 вирусын пандемия деп хабарлағанына байланысты 13 наурыздан бастап елімізде маңызды шектеулер жүзеге асады.

Осылайша ертеңнен бастап Қазақстанда көпшілік жиналатын барлық шараларға, оның ішінде топтасып қыдыру, спорттық және мәдени жиналыстар, түрлі конференциялар, семинарлар мен көрмелерге тыйым салынды.

Барлық білім беру және медициналық мекемелерде, сондай-ақ халық көптеп жиналатын нысандарда санитарлық-дезинсекциялық тәртіп күшейтілген. Мұндай жерлерге халыққа қызмет көрсету орталықтары, қонақүйлер, вокзалдар, әуежайлар, базарлар, тамақ өнеркәсібі нысындары жатады.

Тоғжанов Қазақстандағы барша қарттар үйі карантинге жабылатынын да қоса айтты, ондағы егде тартқандардың жақындары олармен бірнеше уақыт көлемінде көрісе алмайды.

Одан бөлек, мүмкіндігі шектеулі балалар арналған интернаттар мен кәмелет жасқа толмағандарға арналған сауықтыру орталықтарына бару да мүмкін болмайтынын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Ералы Тоғжанов әлем жауына айналған індеттен сақтану мақсатында қазақстандықтардан той, туған күн өткізбеуді сұраған болатын.

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845045-vice-premer-karttar-ji-karantinge-zabylady.html