Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери шеру өтпейтін болды

Опубликовано:

Нұр-Сұлтандағы Ұлы Жеңістің 75 жылдығын тойлау аясында жоспарланған әскери шеру өткізілмейтін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда Жеңістің 75 жылдығына арналған әскери шеру пандемия салдарынан тоқтатылды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің сөзінше, Тоқаев Наурыз мерекесіне қатысты іс-шараларды тоқтатып қана қоймай, Нұр-Сұлтанда мамыр айына жоспарланған әскери шеруді де өткізбеуге шешім қабылдапты.

Сондай-ақ, президент бұған дейін жоспарланған ұлтаралық маңызы бар форумдарды кейінге қалдырады.

Тоқаев үкіметтің коронавирус пандемиясының салдарынан шектеулік шараларды қолға алғанын сөз етті. Олар орта және кіші бизнестің жұмысына нұқсан келтірмеуі тиіс.

Еске сала кетсек, елімізде 13 наурыздан бастап барлық қоғамдық іс-шаралар тоқтатылады.

Президент коронавирусқа байланысты халыққа мәлімдеме жасап, қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ, қазақстандық оқушылар 16 наурыздан бастап мерзімінен бұрын демалысқа шығады.

Айта кету керек, Қазақстан көптеген елдермен әуе байланысын шектеді.Бүгінгі күні коронавирус Еуропада жылдам тарап жатқандықтан, ел билігі еуропалық мемлекеттермен рейстерді шектеуге шешім қабылдаған.

Бұған дейін Қазақстан мен Еуропа елдері арасында аптасына 25 рейс, ал Ұлыбританиямен 4 рейс болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845060-nr-sltanda-zeisti-75-zyldygyna-arnalgan-skeri-seru-tpejtin-boldy/

pixel