Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда инспекция басшысы 1 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды

Опубликовано:

Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Қостанай облысы көліктік бақылау инспекциясы басшысының кезекті пара алу үстінде ұсталғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қостанайда инпекция басшысы 1 млн теңге пара алып жатқанда ұсталды
Фото: NUR.KZ: Original

Күдікті ақпан айының соңында қолға түсіп, сот оған қатысты тергеу амалдары жалғасқанша, қамауда ұстауды жөн деп санады.

Жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері инпекция басшысына пара алды деген күдік тағып, оның үстіне күдікті параны жүйелі түрде алып тұрған деген болжам жасап отыр.

Тергеу бойынша ол ақшаны жергілікті бизнесмендерден алып отырған, оның "рақметіне" олар жүк көліктерінің салмағы межеден асса да барлық жолда еркін түрде жүруіне мүмкіндік алған.

Және де бұл пара үшін күдікті бизнесті қорғаштап, жақтасуға уәде берген көрінеді.

Жемқорлықпен күресу агенттігі күдіктіні оқиға орнында қолға түсіргенін және қолға түсіру әрекеті миллион теңге ақшаны көмекшісі арқылы алып жатқанда іске асқан.

Еске сала кетсек, бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары ұсталғанын хабарлаған болатын. Ол шамамен 10 күн бұрын Мамунов өзінің қамауға алынғанына байланысты ақпаратқа пікір білдірген еді. Ол Facebook әлеуметтік желісінде арнайы видео жариялады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845064-kostanajda-inspekcia-bassysy-1-mln-tege-para-alyp-zatkan-zerinde-staldy/

pixel