RU

Лукашенконың коронавирус жұқтырғаны жайында қауесет тарады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде Белоруссия президенті Александр Лукашенконың коронавирусқа шалдыққаны туралы қауесет тарады. Болжам бойынша, мемлекет басшысы өзін жайсыз сезінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Александр Лукашенко. Фото: Sputnik / Валерий Мельников

Александр Лукашенко. Фото: Sputnik / Валерий Мельников

Александр Лукашенконың денсаулығы нашарлағаны туралы ақпарат "Незыгарь" Telegram-арнасында пайда болды.

Арнада жарияланған мәліметке сәйкес, Белоруссия президенті 11 наурыз күні түстен кейін өзін жайсыз сезінген. Болжам бойынша, ол есінен танып қалған көрінеді. Сондай-ақ президенттің қатысуымен өтетін барлық іс-шаралардың болмайтыны хабарланды.

Белоруссия лидерінің баспасөз хатшысы Наталья Эйсмонттың айтуынша, жоспарланған іс-шаралардың бірі, атап айтқанда, "Президентпен ауқымды әңгіме" белгісіз мерзімге шегерілді.

Бұл Лукашенконың тығыз жұмыс кестесімен байланысты деп жазды Интерфакс.

Президенттің баспасөз хатшысы коронавирус қаупіне байланысты қауесетке де жауап берді.

Айтуынша, аталған іс-шаралардың шегерілуі коронавирусқа байланысты емес. Сондай-ақ ол вирусқа байланысты мемлекет басшысының ұстанымын атап өтті.

"Бұл мәселеге байланысты немқұрайлық танытылмауы керек. Қазір барлығына өте абай болу қажет", – деп Лукашенконың сөзін келтірді Наталья Эйсмонт.

Айта кетейікғ, бұған дейін әлемді жайлаған коронавирустан қорғанудың тиімді тәсілдерін жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Лукашенконың коронавирус жұқтырғаны жайында қауесет тарады
Mailfire view pixel