Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Филиппин президенті коронавирусқа байланысты тексеруден өтпек

Опубликовано:

Филиппин президенті коронавирусқа байланысты тексеруден өтпек. Бұл туралы оның көмекшісі Бонг Го мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ nv.mir сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: kabarlar.org
Көрнекі фото: kabarlar.org: Instagram

Гоның сөзінше, Дутерте денсаулығында ақау жоқ екеніне көз жеткізіп, халықпен байланыс жасауды және өз міндеттерін әрі қарай орындауды жалғастыру үшін тексерілмек.

Бұл шешім Филиппин үкіметінің кейбір мүшесінен коронавирус анықталған соң қабылданды. Шенеуніктер қазір карантинде жатыр.

Коронавирус тұтанған сәтте қауіпті инфекция Қытайдан тыс мемлекеттердің ішінде ең бірінші Филиппинде анықталған еді. Қазіргі уақытта елде коронавирус жұқтырудың 35 жағдайы тіркелді.

Ал әлем бойынша COVID-19 дертіне шалдыққандар саны 124 мыңнан асып кетті. Қатерлі дерт 100-ден көп елде анықталды. Үздік бестіктің ішінде Қытай, Италия, Оңтүстік Корея, Иран және Франция бар. Бүгінде қайтыс болғандар саны 4500-ден асып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде вице-премьер Ералы Тоғжановтың қатысуымен брифинг өтті. Ол Қазақстанда коронавирус пандемиясына байланысты қабылданатын нақты шаралар туралы айтты.

Ертеңнен бастап елімізде барлық мәдени, спорт және ғылыми шараларға тыйым салынды. Биыл дәстүрлі Наурыз мейрамы да тойланбайды. Жеңіс күніне арналған әскери шеру де өтпейді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845098-filippin-prezidenti-koronaviruska-bajlanysty-tekseruden-tpek/

pixel