Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қауіпті індет жұқтырған" семейлік басшыға қатысты министрлік пікір білдірді

Опубликовано:

Әлеуметтік желіде Семей тұрғынының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы қауесет тараған болатын. Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі осыған қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Желіде тараған хабарламада темір жол стансасы бастығының коронавирусқа шалдыққаны айтылады. Денсаулық сақтау министрлігінің комитеті аталған ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.

COVID-19 инфекциясын алдын алу бойынша қалалық және облыстық штабтың мүшесі Имдат Эфендиев желіде тараған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды. Ол Семейде коронавирусты жұқтыру дерегі тіркелмегенін алға тартты.

Оның үстіне, желідегі хабарламада аталған темір жол стансасының басшысы аман-сау қызмет етіп жүргені белгілі болды.

Еске сала кетейік, кеше, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусын әлем бойынша пандемия деп жариялады.

Осыған орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады. Ол үкіметтің арнайы алдын алу шараларын қолға алғанын хабарлады.

Сондай-ақ бүгін президент үкіметке және басқа мемлекеттік органдарға вирустың елімізге енуіне және таралуына жол бермеу шараларын қатаңдату жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845101-semej-trgynyny-koronavirus-zktyrgany-ras-pa-ministrlik-zauap-berdi/

pixel