Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус Тоқаевтың жұмыс кестесіне қалай әсер етті: Берік Уәли жауап берді

Опубликовано:

Қазақстан президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлемде пандемия ретінде жарияланған коронавирус жағдайының Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмыс кестесіне қалай әсер еткені туралы сұраққа жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ааааа
Берік Уәли. Фото: inbusiness.kz: UGC
«Бұған дейін хабарлағанымыздай, пандемияға қарсы алдын-алу шаралары аясында президенттің қатысуы жоспарланған бірқатар шаралар тоқтатылды.

Оның ішінде Наурызды тойлау, Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған парад бар.

Бұған дейін мемлекет басшысы 8 наурызға арналған салтанатты жиын мен мерекелік концертті де тоқтатқан болатын. Мұның барлығы азаматтардың қауіпсіздігі мен саулығы үшін», - деп мәлімдеді Берік Уәли.

Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық кездесулер кестесіне де өзгерістер енгізілген.

«Қазіргі уақытта әлем бойынша сапарлар, екіжақты және көпжақты кездесулер, келіссөздер тоқтатылып жатыр.

Сондықтан, Қазақстанда да бірқатар сыртқы саяси шаралар, оның ішінде Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің министрлерінің кездесуі сынды жиындар кейінге қалдырылып немесе тоқтатылып жатыр.

Сонымен бірге, президенттің жұмыс кестесінің босап қалмағанын да атап өткен жөн.

Пандемия біздің ұлттық мүдделерімізді қозғайтын экономикаға, қаржыға және халықаралық қатынастарға ықпал етіп жатыр.

Сол себепті мемлекет басшысы жаңа сынақтар мен қауіп-қатерлер жағдайындағы елдің стратегиялық даму мәселелерін шешуге мән беріп отыр.

Сондай-ақ, ол жедел әрекет етуге көбірек көңіл бөледі: жиналыстар мен кездесулер өткізеді, жағдайды қадағалайды және тиісті ведомстволардың жұмысын тұрақты бақылауда ұстап отыр», - деді президенттің баспасөз-хатшысы.

Еске сала кетейік, кеше, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусын әлем бойынша пандемия деп жариялады.

Осыған орай мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасады. Ол үкіметтің арнайы алдын алу шараларын қолға алғанын хабарлады.

Сондай-ақ бүгін президент үкіметке және басқа мемлекеттік органдарға вирустың елімізге енуіне және таралуына жол бермеу шараларын қатаңдату жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845110-koronavirus-tokaevty-zmysyna-kalaj-ser-etti-berik-uli-zauap-berdi/

pixel