Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоршап тұрған әскерден қорқады": Депутат митинг кезіндегі арнайы жасақ туралы айтты

Опубликовано:

Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов митингте халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы жасақтың этикасын заңға енгізуді ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Фото: Sputnik / Владислав Воднев
Фото: Sputnik / Владислав Воднев: Depositphotos

12 наурызда мәжілісте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев "Қазақстанда бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" заң жобасын таныстырған.

Отырыс барысында депутат Берік Дүйсембинов митингтер мен шеру кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы жасақ туралы сөз қозғаған.

"Шындыққа тура қарайықшы, бұған дейінгі митингтерді қарасақ, 25 адам көшеге шықса, ішкі істер органының 250 адамы бірге жүреді. Алаң қоршалған, құдды соғыс болған сияқты. Ол жерден өту қорқынышты. Адамдар митингке қатысушылардан емес, қоршап тұрған әскерден қорқады. Балаларымыз мектепке басқа жолмен айналып барады", - дейді мәжілісмен.

Сондай-ақ, Дүйсембинов ел тыныштығы басты орында екенін, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің де жазығы жоқ екенін айтып, митингте жүретін ішкі істер қызметкерлерінің арнайы этикасын заңға енгізу керектігін ұсынған.

"Әйтпесе, балаларды өзіміз жауыз қылып бітірдік. Қазір ешқандай министрдің баласы милиция болып, көшеде адам сүйреп жүрген жоқ. Олардың бәрі қарапайым адамдардың ұрпағы. Қазір бейнекамералар бар, сол арқылы бақылап, әйтеуір бір әрекет жасау керек", - деді халық қалаулысы.

Депутаттың ұсынысына ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев жауап берді.

Абаевтың сөзінше, Берік Дүйсембинов айтып отырған мәселенің бәрі осы заң жобасында қарастырылған. Ішкі істер министрлігі қай жерде митинг өтсе, сол жердің қауіпсіздігіне жауап береді.

"Сіз көтеріп отырған мәселені қарастыруға болады. Қандай да бір принциптер арқылы олардың этикасын енгізуіміз мүмкін. Жалпы жұмыс тобында қарастыруға болады. Осы заң жобасы сіз айтып отырған мәселеден туындап отыр. Халық ойын айтқысы келеді. Бірақ басқа адамдарға зияны тимесін деген оймен талқылап, сіздерге әкеліп ұсынып отырмыз", - деді министр.

Айта кетейік, мәжіліс отрысы аяқталғаннан кейін Дәурен Абаев БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берген.

БАҚ өкілдерін Nur Otan партиясының алдағы жиынында қандай мәселе көтерілетіні қызықтырған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845124-korsap-trgan-skerden-korkady-deputat-miting-kezindegi-arnajy-zasak-turaly-ajtty/

pixel