Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тобыл қаласындағы аурухананың коронавирусқа байланысты жабылғаны рас па

Опубликовано:

Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Тобыл қаласындағы аурухананың жабылуы туралы ақпаратты теріске шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: Depositphotos

Әлеуметтік желілерде Тобыл қаласындағы (бұрынғы Затобол – автор) орталық аурухананың коронавирусқа байланысты уақытша жабылғаны туралы бейнежазба тараған. Алайда ресми орган мұны жоққа шығарды.

"Біздің облыста коронавирус жағдайы тіркелген жоқ. Орталық аурухана жоспарлы түрде жұмыс істеп тұр. Жалған ақпарат таратқандар ҚР ҚК 274-бабы бойынша жауап береді", - делінген облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Әлеуметтік желіде жарияланған видео бойынша облыстық полиция департаменті зерттеу жұмысын жүргізген. Тексеру нәтижесінде бұл Қостанай өңірінің ауруханасы емес екені анықталған.

Тобыл қаласы орталық ауруханасының бас дәрігері Сырлыбек Мещанов жалған ақпарат таратқандарды анықтау үшін полицияға жүгінген.

Еске сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде Семей тұрғынының коронавирус инфекциясын жұқтырғаны туралы хабар тараған. Бұл хабарламаға қатысты еліміздің денсаулық сақтау министрлігі пікір білдіріп, ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845128-tobyl-kalasyndagy-auruhanany-koronaviruska-bajlanysty-zabylgany-ras-pa/

pixel