Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус туралы соңғы дерек: Италияда бір күнде қайтыс болғандар жүзден асты

Опубликовано:

Италияда COVID-9 коронавирусынан қайтыс болғандар саны мыңнан асты. Елде күн сайын 200-ге жуық адам қауіпті дертті жұқтыруда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Alex Kraus/Bloomberg via Getty Images
Фото: Alex Kraus/Bloomberg via Getty Images: UGC

Италияның құзыретті органдары елдегі коронавирус туралы соңғы мәліметтерді жариялады: 1016 адам инфекцияның құрбаны болса, жұқтырғандардың жалпы саны - 13 мыңға жуық науқасты құрады.

Бар болғаны бір күннің ішінде, яғни 11 мен 12 наурыз аралығында кәрі құрлықта орналасқан мемлекетте коронавирустан 188 адам қайтыс болды.

Кеше, 12 наурызда, Үндістан билігі коронавирустан көз жұмған алғашқы өлім туралы хабарлады. Алдын-ала мәлімет бойынша, бірнеше күн бұрын Сауд Арабиясынан оралған 76 жастағы ер адам қауіпті дерттен қайтыс болған. Дәрігерлер оның коронавирус жұқтырғанын тест нәтижелері арқылы анықтады, деп жазады РИА Новости.

Елде ауруды жұтырғандардың саны 73-ке жеткені белгілі болды.

Одан бөлек, Mash Telegram арнасы Ресейде күніне 6 жаңа коронавирус оқиғасы тіркелгенін хабарлайды. Осылайша, көрші елде қауіпті дертке шалдыққандардың саны 34 науқасқа жеткен.

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 коронавирусын пандемия деп бағалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845145-koronavirus-turaly-sogy-derek-italiada-bir-knde-kajtys-bolgandar-zzden-asty/

pixel