RU

Алматыда коронавирус жұқтырғандарға арналған арнайы үш аурухана әзірленді

Қазақстанның оңтүстік астанасында қалада коронавирус анықталған жағдайда жұмыс істейтін арнайы аурухана әзірленді. Алматыда үш деңгейлі науқастарға арналған 3 стационар дайын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Алматыда коронавирус жұқтырғандарға арналған арнайы аурухана әзірленді
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Ауру жұқтырғандардың арнайы қорапқа жатқызылатыны хабарланды. Олар қоғаммен, тіпті, бір-брімен араласа алмайды. Қораптың ішінде ауа тазалауға арналған желдеткіш бар.

ҚДБ-ның басшысы Тілеухан Әбілдаевтың сөзінше, таңдалған госпитальдер инфекциялық госпитальдарға ұсынылатын желдеткішпен жабдықтау мәселесінде қажетті стандарттарға сәйкес келеді.

Алматыда әртүрлі үш стационар дайын. Хабарланғандай, біріншісінде диагнозы расталған адамдар жатады. Аталған мекеме өзге ауруханаларға қарағанда толығымен жабық болады.

Суық тию белгілері анықталған науқастарға арнап тағы 1,5 мың орын бөлінді.

Сондай-ақ, ауру жұқтырғандармен байланыста болғандарға арналған орындар дайын. Бұндай деңгейлі адамдарға үш мың төсек бөлінді.

Науқастар сараптама тапсыратын болады.

Атап өтілгендей, оңтүстік астана тұрғындарының ұялы телефонына СOVID-19 вирусының жағдайы жайлы хабарламалар жіберіліп тұрады.

Алматылықтар аурудың белгілері, қауіпсіздік шарасы мен эпидемиологиялық жағдай туралы жаңа ақпараттардың бәрін біліп отыратын болады.

Үкімет атап өткендей, мұның барлығы қауіпсіздік мақсатында жасалады. Дүрлігуге себеп жоқ. Атап өтілгендей, Қазақстан Республикасының аумағында жұқпалы ауру жұқтырған бірде бір адам жоқ.

Дереккөз: КТК

Еске сала кетсек, 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 коронавирусын пандемия деп бағалады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1845155-almatyda-koronavirus-zktyrgandarga-arnalgan-arnajy-s-auruhana-zirlendi.html