Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Айдай Исаева үшінші сәбиіне аяғы ауыр екенін "Қалаулым сен" эфирінде айтты (видео)

Опубликовано:

"Қазақстан аруы-2013" жеңімпазы Айдай Исаева жақында үшінші мәрте ана атанбақ. Сұлулық байқауларының арқасында қалың көпшілікке танылған модель бұл қуанышты жаңалығын тікелей эфир кезінде жария етті. Ол аяғы ауыр болғандықтан өзі тізгіндеп келе жатқан бағдарламаны келер маусымда жүргізе алмайтынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/aiday_issayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/aiday_issayeva. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Айдай Исаева алдағы уақытта тағы да балалы болатынын атышулы "Қалаулым сен" жобасының түсірілімі кезінде хабарлады. "Қазақстан аруы-2013" осымен үшінші перзентін дүниеге әкелмек. Жолдасы екеуі бүгінде бір қыз бен бір ұл тәрбиелеп отырған жайы бар.

"Жаратушының аманат еткен жаңалығыммен бөлісуге тура келді. Тілектеріңізге үлкен рақмет! Аллаға мыңда шүкір! Бақытымыз баянды, ғұмырымыз маңызды болсын ин ша Алла! Әумин" , - деп жазды тележүргізуші өзінің Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары бірден Айдай Исаеваға өз құттықтауын жаудырып, ақ тілегін жарыса білдірген.

"Құтты болсын", "Дені сау, жасы ұзақ салиқалы ұрпақ нәсіп етсін" , "Өте керемет жансыз, аман-есен босанып алыңыз" , "Қандай жақсы жаңалық, көбейе беріңіздер" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, Айдай Исаева "Қалаулым сен" бағдарламасының үшінші маусымын жүргізіп келеді. Оған дейін бұл орында оның жақын құрбысы Аша Матай болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1845159-ajdaj-isaeva-sinsi-sbiine-aagy-auyr-ekenin-kalaulym-sen-efirinde-ajtty-video/

pixel