Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан тұрғыны жолаушыға толы автобустың ішінде қабырғасын сындырған

Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Әлия үшін қоғамдық көлікпен сапар аурухана төсегінде аяқталды. Ол автобуста құлап, қабырғасын сындырған. Осыған байланысты әйел адам моральдық шығынға қол жеткізгісі келеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр/Астана телеарнасы
Видеодан кадр/Астана телеарнасы: UGC

Астана телеарнасының тілшісі қоғамдық көлікте жарақат алған елордалық тұрғынмен кездесті.

Әлия жұмысқа баратын автобусында көбінесе адам толы болатынын, алайда сол күні өте көп жолаушыны көргенін есіне түсірді. Төтенше жағдай Әлия транспорттан шығатын уақытта орын алған. Ол кеудесі қысылғанын және аяқ асты қатты ауырсынуды сезгенін білдірді. Елордалық тұрғын бұны "көгеріп қалған" деп ойлаған.

Әйел адам денсаулығына келтірген зиян үшін автобус паркінен моральдық шығын өтеп ал ниетті екенін білдіргенімен, қоғамдық көлік басшылығы бұның оңай еместігін хабарлаған.

Автобус паркінің өкілдері елордалық тұрғын төтенше жағдай орын алған уақытта полиция қызметкерлері мен жедел жәрдемді шақырып, "бұл мәселені сол жерде шешуі керек еді" деген пікірде.

Ол әйел адамға болған оқиғаны дәлелдеудің қиынға соғатынын жасырған жоқ.

Алайда, заңгерлер елордалық тұрғынға автопарктің кінәсін дәлелдей алатындығын білдірді.

Осыдан кейін Әлия полицияға арыз жазу туралы шешімге келген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845161-nr-sltan-trgyny-zolausyga-toly-avtobusty-isinde-kabyrgasyn-syndyrgan/

pixel