Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп коронавирус жұқтырған бразилиялық шенеуніктің жанында тұрған

Опубликовано:

Батыс бұқаралық ақпарат құралдары Трампты коронавирус жұқтырған болуы мүмкін деп қауіптеніп отыр. Себебі АҚШ президенті бразилиялық әріптесі Жаир Болсонарудың делегациясымен кездескен, ал кейіннен шенеуніктердің бірінің вирус жұқтырғаны анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Трамп коронавирус жұқтырған бразилиялық шенеуніктің жанында тұрған
Фото: 3mv.ru: UGC

Трамп пен Болсонарудың кездесуі өткен демалыста Трамптың Флоридадағы "Мар-а-Лаго" резиденциясында өткен. Дәл сол жерде делигация АҚШ президентімен кешкі ас ішіпті.

2020 жылдың 12 наурызында диагноз "COVID-19" коронавирус инфекциясы диагнозы бразилиялық делегация мүшелерінің бірінен анықталды. Оның есімі - Фабиу Вайнгартен деп жазады Bloomberg.

Осы орайда БАҚ-та бразилиялық делегация мен Ақ үй басшысы және вице-президент Майк Пенсо ауруды жұқтырған болуы мүмкін деген күмән пайда болды.

Бразилия басшысы қол астындағы қызметкері жайлы білген соң, өзінің іскерлік сапарларын кейінге қалдырып, қазіргі таңда дәрігерлердің бақылауында.

Трамп керісінше, сабырлық сақтап, сынақ тапсырудан бас тартып отыр.

Басылым Вашингтон өкілдерінің ресми хабарларына сілтеме жасап, АҚШ президенті мен вице-президентінің ауру жұқтырған бразилиялық шенеунікпен аса жақын байланыста болмағанын, сол себепті де Трамп пен Пенстің өзін жақсы сезінетінін атап өтті.

Еске сала кетсек, 11 наурызда дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасы COVID-19 коронавирусын пандемия деп бағалады.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845170-tramp-koronavirus-zktyrgan-brazilialyk-seneunikti-zanynda-trgan/

pixel